Текст
7-сыныпта Алғыс айту күніне арналған " Алғыс шын жүректен шығады "атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты-білім алушылардың бойында айналасындағыларға мейірімділік пен құрмет, отансүйгіштік пен интернационализм сезімін, Қазақстанның көптеген халықтары үшін ортақ үйге айналған Отанды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараны сынып жетекшісі ұйымдастырды, ата-аналар шақырылды.Бұл іс-шара дөңгелек үстелде өтті . Балалар Қазақстан халықтары арасындағы мейірімділік пен достық туралы әңгімелеп ,достық пен алғыс туралы мақал-мәтелдерді еске алды. Ата-аналар өз отбасыларының тарихы туралы айтып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен жомарттығы үшін алғыс сөздерін айтты . Шай кешіндегі тағамдардың алуан түрлілігі-Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігі.