(мәліметтер ҰБТ – ны өткізу тәртібі белгіленген ҚР «Білім туралы» заңы және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілген (өзгерістер болуы мүмкін) 2017
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Ұлттық тестілеу орталығы
АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ
Ұлттық бірыңғай тестілеу
- 2017 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматы
- ҰБТ – ның жаңа форматы мектеп бітірушілер үшін Қорытынды аттестаттау (ҚА) және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) болып бөлінуімен ерекшеленеді.
- Қорытынды аттестаттау - мектеп түлектері 4 міндетті, 1 таңдау пәнінен тұратын, жалпы орта білім берудің міндетті мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
- шамамен 29 мамыр - 9 маусым аралығында түлектердің оқу орнында өтеді;
- Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғандарға жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі;
- Қорытынды аттестаттаудағы таңдау пәні ЖОО-на түсу кезіндегі таңдалған мамандыққа әсер етпейді.
- Ағымдағы жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:
- осы жылғы мектеп бітірушілері;
- қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;
- республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;
- «Алтын белгіге» үміткерлер;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
- АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;
- халықаралық мектеп бітірушілері.
2.ҰБТ - ның мерзімі мен ұзақтығы
- Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) 20 маусымнан 1 шілде аралығында өткізіледі.
- Өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін;
- Тестілеу 20 маусым 1 шілде аралығында;
- ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00 (жергілікті уақыт бойынша);
- ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 мин
- Тестіленушіге дәлелді себеппен (әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.
3.Тестілеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Тестілеу кезінде тестіленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын алу мақсатында жүзеге асырылады:
- Жарылғыш құрылғылардың бар жоғын анықтау үшін ғимаратты тексеру;
- Тестілеуге кіру барысында металіздегіштермен тексеру;
x Тестілеу барысында ҰБТ-ның ашықтығын және объективтілігін сақтау мақсатында тұңшықтырғыш құралдары мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады.
4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау
- Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерін:
- ҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)
- Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында. Тестіленуші нәтижесін сайт арқылы көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажетi
5. Апелляция
- Тестілеу нәтижелері бойынша келіспеушілік болғанда тестіленушінің өзі келесі күнгі сағат 13:00 дейін ҰБТӨП – де аппелляциялық комиссияға бере алады.
- Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.
6. Сертификат
- ҰБТ нәтижесі туралы сертификат.
- Сертификаттың жарамдылық мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
- Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.
7. Шығармашылық (арнаулы) емтихан
- Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.
- Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
- Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады
- Шығармашылық емтиханның мерзімі:
- Өтініштерді қабылдау: 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;
- Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін бітірушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу бөлімі бойынша баллдар ескеріледі.
- Әрбір шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл – 40.
- Шығармашылық емтихан ескергендегі максималды балл – 120.
- Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін бір арнайы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу) ЖОО орнында өткізіледі.
- Арнаулы емтиханның мерзімі:
- Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым нан 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
- Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.
- Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орынына ұсыну үшін ведомстан көшірме беріледі.
8.Жоғары оқу орындарына түсушілер
x ҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттары) орналастыру арқылы;
- азаматтардың өз қаражатынан және басқа көздер есебінен.
- Білім беру гранттары конкурс негізінде ҰБТ
сертификатындағы балдарға сәйкес беріледі:
- нақты мамандындағы;
- тіл бөліміне қарай;
- оқыту түріне қарай;
x жоо оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тағайындау конкурсына қатысу үшін тапсырады:
- арнайы белгіленген бланктегі;
- білімі жайлы құжат (түпнұсқа);
- ҰБТ сертификаты;
- 2 фотосурет (көлемі 3х4);
- 086-У нысандағы медициналық анықтама;
- жеке куәлік (көшірмесі).
- Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.
- Конкурста ҰБТ пәндерінің 1 және 2 блок бөлімдері, шығармашылық мамандықтар үшін 1 блок бөлімдері (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша баллдары есепке алынады.
- Конкурс нәтижесінде білім гранты тағайындалғандығы туралы куәлік беріледі.
- Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.
9.ЖОО – на түсудің икемді шарттары
- ҰБТ – ны қайта тапсыру арқылы ЖОО –ның ақылы бөліміне түсуге болады.
- Шектік баллды ала алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ҰБТ – ға қатыспағандар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады.
- ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
- Өтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз аралығында;
- Тестілеу 19 -24 тамыз аралығында өткізіледі.
- ҰБТ қайта тапсыру кезінде шектік балды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін тестілеуді қайта тапсыра алады.
- ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
- Өтініштерді қабылдау 5 - 12 қаңтарға дейін;
- Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.
10.Білім беру кредиті
- Білім беру кредиті – қаржы ұйымдарының мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
- Несие Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері бөлімшелерінде беріледі.
- Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;
- Білім беру кредитін алу үшін:
- 1.қадам - кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе банк-серіктесімен хабарласу;
- 2.қадам - қажетті құжаттарды банк-серіктеске ұсыну;
- 3.қадам - банктің және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасын оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.
- Кредитті рәсімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
- жеке куәлік;
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
- ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
- білім алу шарты немесе оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
- қарыз алушыдан 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.
- Кредитті рәсімдеу үшін қосалқы қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
- Жеке куәлік
- Тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
- Табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;
- Жеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай бойынша үзінді көшірме;
- Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.
Білім беру кредиті туралы толық ақпарат www.fincenter.kz сайтында